• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 07:11:58
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 Аймақтар

1-курс курсанттары бірінші рет парашютпен секірді

Бұл жолы курсанттар бірінші рет қарусыз және жол дорбасыз секірді

Құрлық әскерлері Әскери институтының  десанттық-шабылдауылшы бөлімшелерін және барлау бөлімшелерін басқару мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс курсанттары МИ-17 тікұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секірулерін орындады.

- Курсанттар әуеге алғаш көтерілер алдында олармен теориялық және жер үсті даярлығы өткізілді. Болашақ офицерлер Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери және арнай барлау кафедрасының тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен парашют жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын, күмбездің ашылуына дейінгі және ашылғаннан кейінгі парашютшілердің іс-қимылдарын үйретті, жерге қону тәртібін пысықтады. Сынақ тапсырғаннан кейін ғана курсанттар секіруге рұқсат алды, дейды 3 рота командирі аға лейтенант Казбек Исмаилов.

1 курс

Бұл жолы курсанттар бірінші рет қарусыз және жол дорбасыз секірді. Болашақта қарумен және толық жабдықтарымен курсанттар түнде, күрделі жергілікті жер жағдайында немесе суға секіретін болады.

Курсанттармен бірге тікұшақтан 1 батальон 3 рота басқармасы бірге парашютпен секірді.

1 батальон 3 рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Еркебұлан Нарынбаевтың айтуы бойынша:     - Курсанттар өздерімен бірге бір тікұшақта парашютпен секіруге дайын командирлерін көрген кезде олардың моральдық-психологиялық жағдайы айтарлықтай нығайып, жауапкершілігі артады, өз күштеріне деген сенімі нығаяды.

1 курс

Десанттау сәтті өткенін, барлық курсанттар қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындағандарын айта кеткен жөн.

Отан қорғау ісін өзде­рінің басты мамандықтары деп білетін десантшы курсанттар алдағы уақыт­та талай белесті бағындырары сөзсіз.

Аида Бектурова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір