24Қазан

ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМІ

  1. Сайтты пайдаланудың жалпы шарттары.
    1. Сайттың иесі «Qamshy Media» ЖШС болып табылады.
    2. Сайтқа қолжетімділігі бар кез келген тұлға сайт пайдаланушысы (әрі қарай - Пайдаланушы) болып табылады.
    3. Сайтты пайдаланушы пайдаланар алдында лицензиялық келісіммен және зияткерлік құқық иелеріне арналған ережемен толықтай танысуы қажет.
    4. Сайтты пайдалану осы Келісімнің төменде көрсетілген барлық шарттарын және Лицензиялық келісімін Пайдаланушының қабылдайтынын және сақтауға міндеттелетінін білдіреді.
    5. «Qamshy Media» ЖШС осы Келісімді кез келген уақытта және арнайы ескертулерсіз толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы ол Келісім Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
    6. Осы Келісімде мынадай түсініктер қолданылады:
      • Ақпараттық хабарлама - қысқа, жылдам берілген ақпараттық хабарлама;
      • Сараптамалық мақала - қандай да бір мәселенің, оның келтірген себеп-салдарына анықтау және айғақтар келтірумен байланысты зерттеулер түрінде берілетін мақала;
      • Сұхбат - бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға арналған тілшінің қандай да бір тұлғамен әңгімесі;
      • Инфографика - Сайтта орналастырылған графикалық материалдар, графикалар, диаграммалар, блок-схемалар, кестелер, карталар, тізімдер, иллюцтрациялар, логотиптер;
      • Фотоматериалдар - цифрлық аппаратпен түсірілген суреттер;
      • Бейнематериалдар - ақпараттарды сақтау мақсатында және оның келесі жолы пайдалану мүмкіндігіне байланысты және енгізу құрылғысы арқылы көрсету үшін нақты тасымалдауышқа жазылып көрсетілетін ақпарат;
      • Аудиоматериал - техникалық құрылғылар арқылы жазылған дыбыс жазбасы;
  2. Сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары
    1. Осы Келісімнің 1.6. тармағында көрсетілген материалдарды көшіріп басуға, шығаруға және оны ары қарай таратуға тек «Qamshy Media» ЖШС жазбаша келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, дегенмен, ақпараттық хабарламаларды жазбаша келісімдерсіз пайдалануға болады. Ақпараттық хабарламаларға «Пайдалануға тыйым салынған» белгісі қойылса, онда осындай белгісі қойылған ақпараттық хабарламаларды пайдалануға тыйым салынады.
    2. Сайтта орналастырылған ақпараттық хабарламаларды тарату тек қана оны басқа редакцияда (рерайт) мазмұндағаннан кейін рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған таратылатын материалдың бірінші абзацында осы материалға гиперсілтемесін және «деп хабарлайды Qamshy.kz» мазмұндамасын қоса беру міндетті болып табылады.
    3. «Qamshy Media» ЖШС және оның шет елдегі әріптестерінен алынған, сонымен қатар «Пайдалануға тыйым салынады» белгісі бар материалдарды таратуға тыйым салынады.
    4. «Qamshy Media» ЖШС Сайтында орналасқан инфографикаларды, фото, видео және аудиоматериалдардың пайдалануға қатысты жазбаша рұқсат алған жағдайда, осы материалдарды қандай да бір өңдеуге, редакциялауға тыйым салынады.

Шағымдар болған жағдайда сайтта көрсетілген байланыс дерегіне жүгініңіз.

«Qamshy Media» ЖШС