19Тамыз

БІЗ ТУРАЛЫ

Сайт туралы

Qamshy.kz — 2012 жылы 18 мамырда құрылған. «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі – Қазақстандағы тәуелсіз қазақ тілді ақпараттық сайттардың көшбасшысы.

Сайттың үш әліпбиде (латын, төте, кирилл) ақпарат тарату функциясы Әлемнің әртүрлі аумақтарындағы оқырмандарымыздың бізден еркін ақпарат алуын қамтамасыз етеді.

Qamshy.kz — «Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде ойнайды» цитатасын ұран етеді. Осындай жолдары бар «Дүр Қамшы» атты рухты ән Қамшы агенттігінің гимні.

Интернет ресурс ретінде 5 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «Қамшы» жедел ақпарат, тәуелсіз сараптама, салмақты мәселелерді жазып, тарату арқылы халықты ақпаратпен үздіксіз қамсыздандыра береді. Әрі қазақстандағы қазақ тілді контентті байыта түсуді, №1 ақпарат алаңы болуды көздейді. Үздіксіз техникалық жаңарулар жасайды. Интернет технологиясы саласында көрнекі қадамдар жасайтын болады.

Құрушы әрі жоба жетекшісі «Бауыржан Момышұлы атындағы Намыс медалінің иегері» Біләл Қуаныш.

Жетістіктері

Күн сайын 70-мыңға жуық оқырманға ақпарат таратып қана қоймай, мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік іс-шараларға да айрықша ден қойып келеді. Әр жылдары өткізген « Қазақ хандығына 550 жыл », « Қазақ дауысы», « Көш және Көшбасшы » мерекелік концерттері соның айғағы. « Қамшы» порталы биыл да «Алашорда – 100 жыл » жалпыхалықтық шараларын бастады. Қысқаша айтар болсақ, Алаш арыстарына арнап 5 наурызда ас берілді , 15 сәуірде 100 ағаш отырғызылды . 100 жетім балаға киім- кешек сыйлау, 100 студентке бір жолғы стипендия тағайындау, елге, мемлекетке айрықша қызмет етіп жатқан 100 тұлғаны дауыс беру жолымен саралау және Алаш халықтық музейін салуға дайындық жұмыстары басталды.

Біздің миссия

Мемлекеттік саясатты, көші-қон саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің шешім табуына ықпал ету, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қалыптасуына үлес қосу.

«Qamshy.kz» ақпарат агенттігіне 2017 жылғы 17 қаңтарда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №16300-ИА куәлігі берілген.

Меншік иесі — «Qamshy Media» ЖШС.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 44 үй, 26 пәтер.

Редакция адресі: Алматы қаласы, Абай даңғылы 143A, 513 кеңсе.

СТН (РНН) 600900721159

БСН (БИН) 170140006184

ИИК KZ506010131000323414

БИК HSBKKZKX

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ