• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 21:45:55
Алматы
+35°

3 мамыр — Халықаралық баспасөз еркіндігі күні. Осыған байланысты "Шекарасыз тілшілер" ұйымы баспасөз индексі рентингін шығарады. Қазақстан рейтингтегі 180 елдің ішінен 142-орынға жайғасып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 сатыға төмендеген. 

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы еліміздегі жаңалық сапасы артқанын, бірақ ресми түрде цензураның жоқтығына қарамастан, іс жүзінде БАҚ туралы заң өте қатаң екенін айтты. 

"Билік БАҚ Қаңтар оқиғасын жарияламасын деп қамауға алу, шабуыл жасау, интернетті шектеу сияқты шараларды жасап жатыр. Ақпаратқа қолжетімділік шектеулі, үкіметтік брифингтерде журналистердің сұрақтары цензурадан өтеді. Мемлекет өз үгіт-насихаттарын тарату үшін жеке БАҚ-қа да ақша төлейді, мемлекеттік және үкіметтік басылымдарда бас редакторлардың тағайындалуын қадағалайды, ал ақпарат министрлігі БАҚ кеңістігін реттеуші қызметін атқарады" – делінген ұйым баяндамасында.

Сондай-ақ, баяндама авторлары қоғамның журналистикаға күдікпен қарайтынын айтты. 

"Журналистерге жиі сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылады, ал мемлекеттік органдар журналистердің жұмыс істеуіне жиі кедергі жасайды. Кейбір БАҚ ауқымды кибершабуылдардан зардап шекті, ал жекелеген журналистер әлеуметтік желілерде қудалауға ұшырап, цифрлық тыңшылықтың құрбанына айналды", – деп мәлімдеді ұйым. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір