• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 19:56:54
Алматы
+35°

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұл қызметке пандемия кезінде халық мемлекеттік қызметтерді жаппай онлайн алып, электрондық үкімет порталы қайта-қайта құлап жатқанда тағайындалған.

Содан бері 4 жылға жуық аталған министрлікке жетекшілік етті.

Мусиннің тұсында Қазақстан ұялы байланыс саласында жеке-дара + 997 кодына ие болды. Енді ұялы байланыс операторлары тек өзімізге тән осы кодқа өте алады. Ал қазіргі қолданыстағы +7 телефон коды Қазақстан мен Ресейге қатар берілген.

Мусиннің сонымен қатар министр болып тұрғанда үлкен дауға да қалды. 2021 жылы үкімет электрондық үкімет порталын жетілдіру үшін ресейлік СБЕР компаниясының платформасын пайдаланбақ болған. Алайда қоғам белсенділерінің “бұл - елдің цифрлық қауіпсіздігіне қатер төндіреді” деген наразылығынан кейін үкімет райынан қайтқан.

Бірақ елде көптеген қызметтер электрондық түрде берілгенімен, портал әліге дейін арагідік қатып қалады. Оның жанында екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшасы жылдамырақ істейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бағдат Мусин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір