• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 03:24:59
Алматы
+35°

Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың Атырау облысына жасаған сапары барысында белгілі болды.

Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейі 6 см-ге көтерілген. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады.

Облыстағы қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл аумақта 10,5 км бөгет орналасқан. Қазіргі уақытта бұл аумақта арнайы техникалар арқылы бөгеттер тұрғызылған. Сондай-ақ су басу қаупі бар Индербор, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Өрлік және Ынтымақ ауылдарында бөгеттер көтеріліп жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстары Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарында жүргізілуде. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір