• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 01:51:07
Алматы
+35°

Кеше Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов ұсталды. Оған пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті хабарлады.

Министр орынбасарына Ресей қылмыстық кодексінің 290 бабы, 6 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 1 миллион рубльден басталатын аса ірі мөлшердегі пара алғандар айыпталады. 

Айта кетейік, Иванов 2016 жылдан бері Ресей қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Ол Қорғаныс министрлігі нысандарын, соның ішінде Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы құрылыстарын, реконструкцияларын және күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалайды. сонымен қатар әскери өнімдер сатып алуға жауап беретін. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ресей жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір