• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 03:55:26
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

4,3 млрд теңге ұрлаған қашқын алаяқ Ресейден Қазақстанға қайтарылды

200-ден астам адамды алдап, 4,3 миллиард теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

фото: ашық дереккөзден

Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдікті экстрадицияланды.

"Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды", – деп жазылған хабарламада.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үлескер Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір