• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 00:22:35
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2024 NEWS

"Тіпті көрші Өзбекстан да тап-таза": Мәжіліс депутаты қазақстандықтардың тазалыққа салғырттығын сынады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев премьер-Министр Олжас Бектеновке жолданған депутаттық сауалында еліміздегі көшелердің тазалығы мәселесін көтерді.

Фото: ашық дереккөзден

Айтуынша, оқушылардың сенбілігі мен кезекшілігін алып тастамай, көрші Өзбекстаннан үлгі алуымыз керек. 

Пономарев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "Таза Қазақстан" ауқымды науқаны басталғанын еске салды. Алайда депутат тазалықтың тек әкімдердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

"Біз бәріміз Германияның, Швейцарияның, Жапонияның тазалығына таңданамыз. Тіпті көршілес Өзбекстанда да көше тап-таза. Бірақ бұл олардың билігінің жақсы жұмыс істейтіні немесе қаражаттарының көптігінен емес. Азаматтарының саналылығының арқасында сақталған. Тазалық - қоғамдық құндылық. Көшелердегі тәртіп – елдегі тәртіп.

Мәселен Самарқандқа немесе Токиоға барсақ, олардың таза көшелеріне түкіре аламаймыз ғой! Бұл біздегі ғимаратта темекі шегуге тыйым салу сияқты қабылданбайды", - дейді мәжілісмен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір