• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 02:22:21
Алматы
+35°

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Бесқарағай ауданында челлендж өтті. Челенджде аудан басшылығының өкілдері, белгілі спортшылар, жастар, депутаттар, жергілікті тұрғындар жаңадан салынып жатқан Орталық саябақта 6 түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. 

дджэ

Жас спортшы Нұрым Нұрбек челлендж өтеді дегенді естіген сәттен бастап оған қатысуды ұйғарғанын, себебі өзінің басты ұстанымы бауырларына, достарына үлгі болу екенін айтады.

Ата-анамыз «Бір тал кессең, он тал ек», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыздың ұлағатты сөзін әрдайым есімізге салып, бізді табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеген. Баршаңызды акцияға белсене атсалысуға шақырамын, - дейді Нұрым Нұрбек. Орталық саябаққа ағаш отырғызуға келгендердің арасында Измаиловтар жас отбасы да бар.

бжд

— Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан тыс қалмауды жөн көріп, сенбіліктерге қатысып жатырмыз. Отбасымызбен келіп, жаңа саябаққа жас ағаш отырғыздық. Біз отырғызған ағаш отбасымызбен бірге өсетін болады. Болашақта осында демалуға келгенде, ұрпақтарымызға көрсетіп, оларды да табиғатты сүюге тәрбиелесек дейміз, - дейді Алсу Измаилова.

бю

Акция соңында әкім бастаған аудан тұрғындары челленджді Абай ауданына жолдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір